Демалуға келген ер адамды кафе қожайыны соққыға жығып, өлтіріп алған

11:59, 28 ақпан 2020

Ақмола облысы полиция қызметкерлері соққыға жығылып, көз жұмған Көкшетау тұрғынының өліміне қатысты істі тексеруді қолға алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қылмыс 25 ақпанда Көкшетаудағы ойын-сауық орындарының бірінде болған. Қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жедел жәрдем станциясының фельдшері 1987 жылы туылған ер адамның үйінде қайтыс болғандығын жеткізді. Тексеру кезінде ер адамның мұрыны ісіп, оң жақ қасы жарылуы сынды дене жарақаттары табылды. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері марқұмға жергілікті кафелердің бірінде сол жердің қожайыны жәбір көрсеткені анықталды, деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта осы баптың . Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі (өлімге әкеп соққан ауыр дене жарақатын келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстау үшін шаралар қолданады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!