ДДСҰ 12 мемлекеттен маймыл шешегінің 92 жағдайы тіркелгенін растады

13:51, 22 мамыр 2022

© Сурет: pixabay

Африка елдеріне тән маймыл шешек ауруы Еуропа елдерінде анықталды. Мамандар инфекцияның батысафрикалық түрі кеңінен тарап жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемде кем дегенде 92 адам маймыл шешек ауруына шалдыққан. Тағы 28 адамға ауру жұқтырған деген күдік келтіріп отыр. Маймыл шешегі бойынша кісі өлімі әлі тіркелген жоқ, деп хабарлайды РБК.

ДДСҰ мәліметтері бойынша, 13 мамырдан бастап Австралия, Бельгия, Канада, Франция, Германия, Италия, Нидерланды, Португалия, Испания, Швеция, Ұлыбритания және АҚШ-та осы ауру түрін жұқтырғандар расталды. Ауру бұл елдерге тән емес әрі инфекцияның тарауы туристердің саяхаттауымен де байланысты емес.

Негізінен, шешектің бұл түрі гомосексуаль еркектерден анықталған. Шешекпен ауырған маймылмен тығыз физикалық байланыста болған адамдарда жоғары қауіп бар.

Сонымен қатар, осы ауруды жұқтырған басқа жануарлардың еті дұрыс піспеген жағдайда әрі тұтыну кезінде қауіп бар.

Маймыл шешегі - жұқпалы ауру, алғаш рет 1958 жылы анықталған. Көптеген жағдай Африкада анықталды. Құрлықтан тыс алғашқы жағдайлар 2003 жылы АҚШ-та тіркелді. Соңғы індет ошағы 2017 жылы Нигерияда бұрқ етті.

Ауру белгілері: қызыл бөртпе, бас ауруы, 38,5 градустан жоғары температура, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бұлшықет пен дененің, арқаның ауыруы, қатты әлсіздік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!