Дауыс беру үшін eGov Mobile қосымшасын пайдалану ұсынылды

16:53, 3 желтоқсан 2022

© Сурет: gov4c.kz

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің қатысуымен өткен Ашық диалог алаңының қорытындысы бойынша дауыс беруді өткізу және Мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) тіркеу үшін бірыңғай құрал ретінде eGov mobile қосымшасын пайдалану ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ашық диалог алаңының "МИБ мәселелері және оларды шешу" тақырыбын талқылауға Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова, сондай-ақ МИБ өкілдері қатысты.

Брейнсторминг барысында қазіргі күні МИБ-ке өту үшін мәселелерді шешу және арнайы коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу, дауыс беруге арналған мобильді қосымшаларды құру, хабарлау үшін тұрғын үй иелерінің тізімін, дауыс беру хаттамаларын және тағы басқа қалыптастыру тетіктерін жетілдіру қажет екені айтылды.

Шара соңында дауыс беруді өткізу және МИБ тіркеу үшін бірыңғай құрал ретінде eGov Mobile мобильді қосымшасын пайдалану ұсынылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!