Дариға Назарбаеваның қызы тұрмысқа шықты

09:37, 25 маусым 2018

23 маусымда Алматыда Дариға Назарбаеваның жалғыз қызы және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Венера күйеуге шықты деп хабарлайды Zakon.kz.

Венера 22 жасар Дален Чайжунусовқа тұрмысқа шықты. Күйеу жігіт әйгілі Чайжунусовтар әулетінің мүшесі.

Дален Чайжунусов Алматыда туып-өскен, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін бітірген.

Венера - студент, қоғаммен байланыс және өнерді зерттеп, анасы Дариға Назарбаеваның қайырымдылық іс-шараларына белсенді қатысады.

Жас жұбайлардың достарының сөзінше, Венера мен Дален екі жыл бұрын танысқан, ал сөзбайласу ағымдағы жылдың мамыр айында өткен.

Жас жұбайлардың үйлену тойы Алматыдағы Ritz-Carlton қонақ үйінің бал залында өтті.

Салтанатты рәсімге отбасының ең жақын туыстары мен достары қатысты.

Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы жастарға баталарын беріп, ұзақ жылдар бойы бақытты ғұмыр кешулерін тіледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!