Дариға Назарбаева Қазақстанда сөз бостандығына шектеу жоқ деп санайды

12:28, 21 ақпан 2019
338

ҚР Парламент Сенатында журналистер депутат Дариға Назарбаеваға елдегі сөз бостандығының жағдайына байланысты сұрақ қойды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистердің сұрағы "Репортеры без границ" рейтингі бойынша Қазақстанда сөз бостандығының көрсеткіші төмендеп бара жатқанына қатысты болды.

"Енді, өзіңіз қалай ойлайсыз, бізде сөз бастандығы бар ма? Қаласаңыз, бәрін бас-көз демей сынай беруіңізге болады. Қазір бізде әлеуметтік желілер бәрін бүкпесіз, ашық жазады емес пе? Сіздің қандай рейтингті меңзеп тұрғаныңызды білмедім", – деді Назарбаева.

Одан кейін депутат рейтингтерге тым қатты сене бермеуге шақырды.

"Ондай рейтингтерге үнемі сене беруге болмайды. Оны да біреулер құрастырады, белгілі бір мақсаттармен. Сондықтан мен өз басым түрлі рейтингтерді қуалай бергенді қаламаймын", – дегендей пікірін қосты Назарбаева.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!