Дариға Назарбаева Арменияға барды

11:54, 14 қараша 2019
313

Армения Республикасы Ұлттық жиналысының төрағасы Арарат Мирзоянның шақыруымен Дариға Назарбаева бастаған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының делегациясы Армения Республикасына ресми сапармен келді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар бағдарламасына сәйкес, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Армения Ұлттық Жиналысының төрағасы Арарат Мирзоянмен, АР Премьер-министрі Николь Пашинянмен және ел Президенті Армен Саркисянмен кездесуі тиіс.

Кездесуде Қазақстан мен Армения арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ парламентаралық байланыстарды дамыту перспективаларын талқылау жоспарланған.


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!