Данияр Вагапов ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды

14:29, 26 маусым 2020
494

Мемлекет Басшысының Өкімімен Данияр Валерьевич Вагапов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұған дейін Данияр Вагапов ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келген.

Вагапов Данияр 1977 жылы 6 маусымда Алматы қаласында туған.

1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін "заңгер" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

- ҚР Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің Құқықтық сараптама, кодификациялау және жүйелеу бөлімінің құқықтық сараптама бөлімінің жетекші маманы, Астана қ. (04.1999 – 12.1999);

- ҚР Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің Құқықтық сараптама, кодификациялау және жүйелеу бөлімінің құқықтық сараптама бөлімінің бас маманы, Астана қ. (12.1999 – 10.2000);

- ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Заң департаментінің Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің заңнамалық талдау бөлімінің бас маманы (10.2000 – 12.2000);

- ҚР Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің Құқықтық сараптама, заңнаманы жүйелеу және құқықтық білім беру басқармасының құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі (12.2000 – 2001);

- ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің консультанты (2001 – 2002 жж.);

- ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімінің меңгерушісі (2002 - 2003);

- ҚР Қаржы министрлігі Заң қызметтері департаментінің директоры (2003 – 03.2006);

- "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамының вице-президенті (03.2006 – 06.2006);

- "ALUA холдингтік компаниясы" ЖШС шағын және орта бизнес бөлімінің бастығы (06.2006 – 2007);

- "ALUA Asset Management" ЖШС атқарушы директоры, Алматы қ. (2007 – 03.2008);

- ҚР Президентінің ҚР Парламентіндегі Өкілдігі басшысының орынбасары, Астана (03.08 – 11.2008 ж.);

- "Нұр Отан"ХДП Орталық аппаратының заң бөлімінің меңгерушісі (11.2008 – 2009);

- "Нұр Отан" ХДП Орталық аппараты басшысының орынбасары – Заң бөлімінің бастығы (2009 -09.2013);

- Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Сауда комитетінің төрағасы (09.27.2013 – 06.08.2014);

- ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы (08.13.2014 – 05.2018);

- ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі (05.2018 ж. бастап).


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!