Данияр Есин ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

21:43, 26 маусым 2020

ҚР Үкіметінің қаулысымен Данияр Нұрашұлы Есин берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Данияр Есин 1981 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. ҚР Қаржы полициясы академиясын, Қазақстан-Ресей университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. Әр жылдары Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасында жұмыс істеді: басшының орынбасары, басшы лауазымдарын атқарды.

2016-2018 жылдары — Астана қаласының Дін істері басқармасының басшысы.

2018 жылғы наурыз айынан 2019 жылғы маусымға дейін Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері басқармасын басқарды.

2019 жылғы маусымда ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!