Данияр Ақышев онлайн-кредиторларды реттеу және жинақ салымдарын енгізу туралы айтып берді

13:14, 21 маусым 2018

Ұлттық Банк халықты өсім алудан нақты қорғауды қамтамасыз ету қажет деп санайды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында баяндама жасаған кезде айтып берді деп жазады zakon.kz.

Ол егер банктік кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 56%-дан аспаса, онлайн-кредиттер бойынша ставкалар жылдық 700%-ға дейін және одан жоғары болатынын атап өтті.

«Қарыз шарттарында сыйақының тиімді ставкасын оның мөлшерін жылдық 100% деңгейінде шектей отырып, міндетті көрсету қорғаудың нақты шамасы болып табылады. Осы норманы дайындау кезінде халықаралық тәжірибе пайдаланылды», - деді Д. Ақышев.

Ол әрбір азамат онлайн режимде кредиттік калькулятор арқылы кредиті бойынша нақты ставканың мәнін оп-оңай тексере алатынын атап өтті. «Осындай калькулятордың әдістемесін Ұлттық Банк бекітеді және ол сайтта орналастырылады. Калькулятордың есебі сотта дауды шешуде пайдалану үшін заңды негіз болып табылады. ЖТСМ 100%-дан асатын қарыздардың шартын сот жасалмады деп таниды», - деп түсініктеме берді Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы.

Д.Ақышев сондай-ақ жинақ салымдарын енгізу туралы айтып берді. Ол депозиттің қосымша түрі болатынын атап өтті. «Жинақ салымдары салымшыларға 15 млн теңге мөлшеріндегі кепіл берудің көп сомасы кезінде барынша жоғары кірістілік береді. Жай теңгелік салымдар үшін ол 10 млн. теңге болады. Салымшы салымды алу жөнінде банкке 30 күнде хабарлау талабымен оны мерзімінен бұрын алу құқығын иеленеді», - деп түсіндірді Д. Ақышев.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!