Даниал Ахметовке Семейде оқыған шетелдіктер шағымданды

17:02, 10 қыркүйек 2019
272

Семей қаласындағы медицина университетін тәмамдаған шетелдік студенттердің дипломы өз елдеріне барған кезде жұмысқа орналасуға жарамсыз болып шыққан, деп хабарлайды Алтайньюс.

Семей мемлекеттік медицина университетінде білім алып, отандарына оралған үндістандық жастар жұмысқа орналаса алмауда. Себебі жоғары оқу орнын тәмамдаған 79 түлектің дипломдағы аты-жөндері дұрыс жазылмаған. Яғни білдей бір университет қарапайым орфографиялық қателікке жол беріп отыр. Осыған қайран қалған аймақ басшысы Даниал Ахметов аталмыш университет ректоры Ерсін Жүнісовке сөгіс берді.

– Университет қызметкерлерінің жауапсыздығынан шетелдік жастар шарасыз күйге түсіп отыр. Енді олардың не істейтінін аңдып отырудың қажеті жоқ. Дереу іске көшіп, олқылықтың орнын толтырыңдар. Қажет болса, түлектерді қайта шақырып алып, дипломдарын түзетіп, қолдарына беріңдер, – деді Даниал Кенжетайұлына "Нұр Отан" партиясы жергілікті филиалы Саяси кеңес бюросының отырысында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!