Данэлья America’s Got Talent шоуының ақтық мәресінде өнер көрсетті

10:19, 23 қыркүйек 2020

Данэлья Төлешова Лос-Анджелесте өткен America’s Got Talent әлемдік шоуының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол Sia-ның "Alive" атты әнін шырқады. Дауыс беру 24 сағаттан соң аяқталады, оның нәтижесі ертең, 24 қыркүйекте белгілі болады. Финалда 10 өнерпаз өнер көрсетті, олардың алтауы әртүрлі жастағы вокалистер болды. Данэлья Төлешова - шоуға Қазақстан атынан қатысқан жалғыз өнерпаз.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!