«Даму» қоры әлеуметтік желілердегі алаяқтық туралы ескертеді

17:12, 20 ақпан 2020
767

"Даму" қоры әлеуметтік желілердегі алаяқтық туралы ескертеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Ақылы семинарлар, несиелер мен гранттарды алуға көмек көрсету сынды қызмет түрлерін ұсыну сипатында әлеуметтік желілерде алаяқтық фактілерінің артуына байланысты "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Қазақстан кәсіпкерлеріне ескерту жасап, осындай алаяқтыққа түсіп қалмауларын сұрайды.

"Даму" қоры тренингтер мен консультацияларды тегін өткізеді.

"Даму" қорының қызметкерімін деп алдап, ақылы түрде қызметке біреулер сізді тартып жүрсе, бірыңғай байланыс орталығы 1408 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) немесе senim@fund.kz электрондық поштасына хабарласуларыңызды сұраймыз.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!