Дала өрті кезінде мерт болған үш азаматқа медаль берілді

16:03, 16 тамыз 2019

Алматы облысының Панфилов ауданында дала өртін өшірмек болып қаза тапқандар мемлекеттік наградамен марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дала өрті кезінде жанкештілік танытып, ерлікпен қаза тапқан Қанат Үсенбеков, Еркінбек Оспанов және Айтқазы Немелтаевтың жақындарына "Ерлігі үшін" медалдері табысталды. Оны Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың өзі табыс етті.

Одан бөлек өртті өшіремін деп зардап шеккен 7 азамат ҚР Ішкі істер министрлігі атынан "Өрт сөндірудегі көрсеткен ерлігі үшін" медалімен марапатталды.

Айта кетсек, Алматы облысының Панфилов ауданында дала өртін өшірмек болып, жан тапсырған Қанат Үсенбеков пен Еркінбек Оспановтың артында бес-бестен баласы мен жары қалды. Қанат Үсенбеков Панфилов аудандық әкімдігінде көлік жүргізуші болып жұмыс істеген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!