COVID-19: І-кезең бойынша қазақстандықтарға 28 мыңнан аса екпе салынды

17:38, 5 наурыз 2021
689

© Сурет: inform.kz

Коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия вакцинация науқанының барысы туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Сонымен, акция басталғаннан бері 28 мың 388 адамға бірінші кезеңде екпе салынды.

2-компонентпен егілгендердің жалпы саны 14 933 құрайды, делінген хабарламада.

5 наурыздағы жағдай бойынша,1 345 мұғалім мен 174 полиция қызметкері вакцинациядан өтті.

Қазақстанда жаппай вакцинациялау 2021 жылы 1 ақпанда басталды.

Қазіргі уақытта Sputnik V вакцинасы қолданылып жатыр, ол екі компоненттен тұрады. Вакцинаның екінші дозасы бірінші дозасын алғаннан кейін 21 күн өткен соң салынады.

Бұрын хабарланғандай, бірінші кезеңде медициналық қызметкерлер вакцинациялаужан өтті, екінші кезең 1 наурыздан бастап басталды, бұл жолы орта мектептер мен жоғары оқу орындарының мұғалімдеріне, медицина қызметінің жұмысшыларына вакцина егу басталды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!