Covid-2019: Әуежайлар мен темір жол вокзалдарында тексеру күшейтілді
© Сурет: polisia.kz
ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ПЦР анықтамаларын және вакцинация паспорттарын қолдан жасау және пайдалану фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша барлық шаралар қабылдауда, деп хабарлайды zakon.kz.
Polisia.kz мәліметі бойынша, жыл басынан бері ішкі істер органдарымен жалған ПЦР-тесттерін сату және пайдалану бойынша 45 қылмыстық іс және вакцинация паспорттарын сату және пайдалану бойынша 35 қылмыстық іс қозғалды. Еліміздің әуежайлары мен темір жол вокзалдарында азаматтардың ковид-мәртебесін “Ashyq” қосымшасы арқылы тексеру, сонымен қатар ПЦР-тесттердің және вакцинация паспорттарының шынайылығына тексеру күшейтілді.
Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеевтің айтуынша, Алматы қаласындағы халықаралық әуежайда көлік полицейлері әуежай қызметкерлерімен бірлесіп, Түркия мемлекетінде демалуға ұшып баруды жоспарлап, ПЦР-анықтамаларды және билеттерді бейтаныс адамнан сатып алған жігіт пен қызды анықтады.
Сондай-ақ ол жалған ПЦР-тест анықтамасын пайдалана отырып, Беларусь Республикасына ұшпақ болған Шымкент қаласының тұрғынының ұсталғандығы туралы фактіні де айтты. – Олар ұшуға жіберілген жоқ. Осы аталған фактілер бойынша Қазақстан Респуликасы Қылмыстық кодексі 385-бабының 3-бөлігімен (Көрнеу жалған құжатты пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, – деді О. Бекеев.
ҚР ІІМ жалған құжат дайындағандары үшін төрт жылға дейнгі бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін және оны пайдаланғандар үшін 40 тәулікке дейін қамаққа алу түріндегі жаза көзделгенін ескертеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 18 сәуір 2024
Еліміздің солтүстігінде ауыл тұрғындарын эвакуациялау әлі жалғасуда
-
22:42, 18 сәуір 2024
ШҚО-да есігі жоқ көлікті тізгіндеген жүргізуші жауапқа тартылды
-
22:33, 18 сәуір 2024
Иран Израильге қарсы жүргізілген операция аяқталғанын мәлімдеді
-
21:35, 18 сәуір 2024
Бектенов: Қазақстан Үкіметінің күш-жігерін Еуроодақтың қолдау бағдарламаларымен үйлестіру маңызды
-
21:29, 18 сәуір 2024
56 млн теңгенің контрабандасы бойынша күдікке ілінген ер адам Түркиядан Қазақстанға жеткізілді