COVID-19 адамның өмір жасын қысқартады

11:58, 14 мамыр 2021

© Сурет: Pixabay

Коронавирустың салдарынан адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы 1,5-2 жылға қысқарады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл ақпаратты Джордж Мейсон университетінің жүйелік биология мектебінің профессоры Анча Баранова бөлісті.

Оның айтуынша, COVID-19 бірнеше рет жұғуы мүмкін жүйелік ауру.

Коронавирус ауруының әрбір эпизоды, шамалы болсын, біздің өмірімізді қысқартып отырады. Кейбір жағдайларда, тіпті шамалы да емес, бірақ айтарлықтай, - деп келтіреді профессор сөзін "РИА Новости".

Баранова дамыған елдерде пандемияға байланысты адамдардың өмір сүру ұзақтығы шамамен 1,5-2 жылға қысқарғанын атап өтті. Мұндай тұжырымды Америка Құрама Штаттарының статистикасына сүйене отырып жасауға болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!