«Цифрлық жаз» жобасының аясында 11 маман «Самұрық-Қазынаға» жұмысқа тұрды

13:18, 12 қараша 2019
366

"Цифрлық жаз-2019" бағдарламасының аясында үздік деп танылған 11 жоғары оқу орын түлегі "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының портфельдік компанияларына жұмысқа тұрды. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

IT-мамандар арасындағы бұл үш айлық тағылымдама бағдарламасына барлығы 78 түлек қатысқан. Айта кетейік, бағдарлама жастарды қолдап, дамытуды көздейтін "Жас Самұрық" жобасы аясында жүзеге асты.

 

- IT-технологиялар тез ескіріп, тез жаңарып жатыр. Өздеріңіз білетіндей, бағдарламаның талаптары қатты болды. Соған қарамай, 78 жас маман өздерінің мықты дағдыларын көрсетті. Еліміздегі ең мықты IT мамандардан білім алып, тәжірибе алмасты. Бәсекеге қабілетті маманның әдістерін пайдаланып, үйренді. Осылайша, 11 түлек қорға қарасты компаниялар тобының қызметкері атанды, - дейді "Самұрық-Қазына" қорының цифрландыру және трансформациялау жөнінегі басқарушы директоры Дәурен Керейбаев.

 

Жобаның бірегей ерекшелігі – жастар SAP, Microsoft, Oracle, Cisco, HP, IBM, Huawei сияқты ірі агломерат өнімдерімен жұмыс істеп көреді. Сондықтан, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов "Цифрлық жаз" бағдарламасына оң баға берген.

Ал, биыл "Цифрлық жаз" бағдарламасының екінші кезеңі IT саласындаңы 6 бағытты қамтыды. Жазғы практика кезінде жастарға айына 50 000 теңге мөлшерінде шәкіртақы енгізілгенін айта кету керек.

2019 жылдың 17-маусымы мен 29-тамызы аралығында жас мамандар "Қазақстан темір жолы", "KEGOK", "ҚазТрансАймақ", "Кселл", "ҚазМұнайГаз", "Самұрық-Қазына", ""Эйр Астана", "Қазақтелеком", "Қазатомөнеркәсіп" сияқты алпауыт компаниядарда тәжірибеден өтті. Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы 72 жас маман тәжірибеден өтіп, 33 адам жұмысқа орналасқан еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!