Чилиде үш жастан бес жасқа дейінгі балаларға вакцина салына бастады

19:46, 6 желтоқсан 2021
187

© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев

Балаларға қытайлық Coronavac вакцинасы егіледі.

Чили президенті Себастьян Пиньера үш жастан бес жасқа дейінгі балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салына бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Біз үш-бес жас аралығындағы балаларды қауіпсіз және тиімді вакцинамен егу науқанын бастаймыз, яғни 700 мыңнан астам бала коронавирустан қорғалады", – деді президент.

Президенттің Twitter-де жарияланған видеосында бірнеше бала коронавирусқа қарсы вакцинаны салдыртып жатқанын байқауға болады.

Дүйсенбіден бастап түрлі ауруы бар балаларға, ал бейсенбіден бастап басқа балақайларға вакцина салынады. Балаларға қытайлық Coronavac вакцинасы егіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!