«Челси» командасы Алматыда түсірілген кадрлармен бөлісіп, көпшіліктің сынына қалды

13:50, 13 желтоқсан 2024

© Сурет: Instagram/chelseafc

12 желтоқсанда Алматыда "Астана" және "Челси" футбол командалары арасында кездесу өтті. Құрама бір күн бұрын келіп, матч алдында қаланы аралап үлгерген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Серуен кезіндегі кадрлармен олар Instagram-да бөлісті.

Олар, Вознесенский соборы мен 28 панфиловшылар саябағындағы мәңгілік алауды аралаған. Сондай-ақ, сол маңдағы метро мен көк базардағы ет сөрелерінің де суретімен бөліскен, "Қазақстан" қонақ үйі мен Көк-төбедегі алаңға да барған.

Бұл фотосуреттер көпшіліктің көңілінен шыға қоймаған тәрізді, бірден сынға ұшырады.

  • Именно ет базарды түсіріп салу керекпа
  • Шіркеу мен базар — Алматының басты символдары
  • Алтын ордага апармадындар ма сразу?
  • Осындайды ғана көріп қалады бұлар
  • Квартираны Саяхаттан алғанба
  • Видео сураса озимиз ак нормально видео жибере салатын едик кой
  • Мобилограф айуан екенсің
  • Видеоларың атам қалаға келгенде, рандомно түсіріп-түсіріп, әулеттің чатына жібере салатындай екен)
  • айналайын ау, көз алдындағы дәу тауды көрмейсің бе?
  • Алтын Орда жаққа ғана бармапты ғой…
  • Мал базарга барасындарма
  • Статистиканы бір көтеріп алайық деді ғой примерно
  • Нягып айналып келіп шіркеуді түсіре береді!
  • Сұрасаң әдемі қып түсіріп беретін едім ғой кім?

Пікірлерді қорытындылайтын болсақ, қазақстандықтар шетелдік қонақтарға Алматының нағыз сұлулығы көрсетілмегеніне қынжылды.

Бұған дейін "Астана" өз алаңында "Челсиден" ұтылғандығы хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!