Былтыр Алматы облысында оқ атқан ШҚО тумасы туыстарының үйінен табылды

16:28, 27 қаңтар 2021
177

2020 жылдың сәуір айында Рахат ауылдық округінің саяжай кентінің шетінде атыс болды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі "Атыс қаруын қолданумен бұзақылық" бойынша қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Шығыс қазақстан облысы Үржар ауданының 26 жастағы тұрғыны анықталды, ол қылмыс жасалғаннан кейін жасырынған. 2020 жылдың маусым айында жасаған қылмысы үшін халықаралық іздеу жарияланды. Судья оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

2021 жылғы 22 қаңтарда Алматы облысы криминалдық полиция және Еңбекшіқазақ ауданының ПБ қызметкерлерінің үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында іздеуде жүрген күдікті Қарасай ауданындағы алыс туыстарынан ұсталып, содан кейін уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!