Бұрынғы білім вице-министрі жаңа лауазымды қызметке тағайындалды

14:52, 5 мамыр 2021
283

© Сурет: ПМ

Мирас Дауленов Алматы халық шаруашылығы университетінің (Нархоз) басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Алматы халық шаруашылығы университеті" ҰАҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Дауленов Мирас Мұхтарұлы Университет президенті - басқарма төрағасы қызметіне бекітілді, - делінген ЖОО сайтындағы хабарламада.

Мирас Дәуленов 1983 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Вроцлав университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы жеке заң фирмасында заңгер болып бастаған.

2004-2005 жылдары — Шығыс Қазақстан адвокаттар алқасы адвокатының көмекшісі.

2006-2007 жылдары коммерциялық құрылымдарда заңгер болып жұмыс істеді.

2012-2015 жылдары — халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі; доцент міндетін атқарушы, "Қазақ гуманитарлық заң университеті" АҚ халықаралық құқық ғылыми-зерттеу орталығының директоры.

2015-2019 жылдары — КАЗМЗУ С. Зиманов атындағы Іргелі және қолданбалы зерттеулер академиясының басқарма төрағасының орынбасары – директоры (ғылыми жұмыс жөніндегі проректор). 2018-

2019 жылдары — КАЗМЗУ С. Зиманов атындағы Құқықтық және экономикалық зерттеулер академиясының провосты – директоры. 2019 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі таңға дейін ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!