«Буран» ғарыш кемесінің қожайыны Дәурен Мұсаға іздеу жарияланды

17:16, 29 қараша 2024

© Сурет: Instagram/dauren.mussa

"Байқоңыр" зымыран-ғарыш корпорациясы" АҚ-тың бас директоры Дәурен Мұсаға іздеу жарияланды. Алматы қалалық полиция департаменті бұл ретте кешенді іздеу шаралары ұйымдастырылғанын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында Дәурен Мұсаға 26 қарашада іздеу жарияланғаны туралы ақпарат бар, яғни үш күн бұрын.

Порталдағы ақпаратқа қарағанда кәсіпкерді іздеуге Ішкі істер министрлігі бастамашыл болған, ал іс 26 қарашада Алматыда тіркелген.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ретте бізге мынандай мәлімет ұсынды:

"Аталған адамды Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі (алаяқтық) бойынша іздеуде. Оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізілуде".

2020 жылы кеңестік заманнан қалған "Буран" шаттлының екінші ұшу үлгісі және оның макеті "Байқоңыр зымыран-ғарыш корпорациясы" жекеменшік компаниясына тиесілі екені белгілі болды. Мұса бұл туралы X (бұрынғы Twitter) парақшасында "Роскосмостың" бұрынғы бас директоры Дмитрий Рогозинге жауап берген жазба жариялады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!