«Бурабай» ұлттық табиғи саябағында өрт шықты

10:33, 25 қыркүйек 2022
174

© Сурет: Алматы ТЖД баспасөз қызметі

25 қыркүйекте таңертең Бурабай ұлттық табиғи саябағында "Көкшетау" тауында шамамен 800 метр биіктіктен түтін көрінгені туралы шұғыл байланыс желісіне хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нақтыланған мәліметтерге сәйкес, қуарған шөптер өртенген. От жайылған жердің көлемі мен себебі анықталу үстінде.

Ақмола облысының ТЖД және "Бурабай" МҰТП-ның 70-тен астам қызметкері өрт шыққан жерге жаяу барып, өртті сөндіруге кірісті. ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар министрінің өкімімен тұтанған отты шұғыл жою үшін Қазавиақұтқару тікұшағы көкке көтеріліп, оқиға орнына бет алды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!