Бұл уақытша. Шілдеде теңге қайта құлдырайды – cарапшы

09:37, 3 маусым 2020

Шілдеге қарай теңге қайта құлдырауы мүмкін, деп хабарлайды zakon.kz Atameken Business-ке сілтеме жасап.

Сондықтан қуануға әлі ерте. Экономист Мақсат Халық осылай деді.

Сарапшының пікірінше, теңгенің күшеюіне бірнеше себеп бар. Ең біріншіден, рубль ықпал еткен. Екіншіден, мұнай бағасының тұрақталуы. Әлемдік нарықтардағы қара алтынға деген сұраныс пен ұсыныстың теңесуі мұнай өндіруші елдердің валютасына оң әсер еткен. Үшіншіден, төтенше жағдайға байланысты кейінге шегерілген салық төлеу мерзімі қайта жанданды. Осыған орай ішкі нарықта теңгеге сұраныс артқан. Сондай-ақ, жыл сайын жаз айларында теңге арзандайтын. Себебі, демалысқа кететін қазақстандықтар доллар сатып алып, көкқағаздың құны қымбаттайтын.

Алайда, биыл пандемияға байланысты бұл үрдіс байқалмайды. Дегенмен, экономистің пікірінше, теңгенің күшеюі – қысқа мерзімді құбылыс.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!