Бұл не сұмдық?! Басқармадағы тоғыз мүшенің сегізі туысқан болса

10:06, 17 қыркүйек 2019

Біз таңғажайып елде тұрамыз. Шенеуніктер биік мінберден жастар үшін "әлеуметтік лифт" құру қажет деп бөседі. Қағазда бәрі әдемі жазылған. Квазимемлекеттік компанияда жұмыс істесеңіз – топ-менеджерлерге туыстығы жоқ жастарға мүмкіндік берудің орнына өз туыстарыңызды "тартып", соларды топырлата беруге болады екен, деп жазады желіде Данияр Темірбаев.

"Бұған дейін QAMS (Қазақстандық Миноритарлық Акционерлер Қауымдастығы) ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне квазимемлекеттік сектордағы компанияларының Басқармалары мен Директорлар кеңесі құрамына бір-біріне туыстығы бар тұлғалардың бірге қатысуына заңнамалық деңгейде толық тыйым салуды енгізуді ұсынған. Асылында, мұндай тыйым бірлесіп алып сыбайлас жемқорлық схемаларын құруы мүмкін жақын туыстарға ғана емес, абысын, бажа-мажа сияқты туыстарға да қатысты болуы керек (бұл, әрине, миноритарлық акционерлердің мүдделеріне сай емес). Ал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жауабы мынау болды:

".... ҚР заңнамасына өзгеріс енгізу туралы сіздің ұсынысыңыз білікті мамандардың тең дәрежелі лауазымға орналасу құқығының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін". Жауаптың толық мәтінімен Qazaq Association of Minority Shareholders Non-Profit Organisation парақшасында таныса аласыз.

Сонда қалай?! Яғни, #KazTransOil-да Басқарманың тоғыз мүшесінің сегізі бір-біріне іні-қарындас, жиен және тағы сондай туыс болса – олардың бәрі аса білікті маман екен. Бәрі профессонал!

- Мынауыңыз не? Бұл өзі мемлекеттік компания ма, әлде бір отбасының жекеменшік майшелпегі ме – әпкелер, ағалар, бажалар мен жезделер, жеңгелер мен абысындар, курстастар мен кластастар ғой түгел!?
- Ойбай, мамой клянусь! Олардың бәрі профессионал мамандар!


P.S. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жауабын квазимемлекеттік компаниялардағы топ-менеджерлердің туыстары жазып берген сияқты", дейді Данияр Темірбаев.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!