Бүгін Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысады

10:18, 22 қазан 2020
260

Бүгін сағат 11.00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысады.

Бұл туралы facebook-те Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

Шара барысында мемлекеттік басқару реформасы, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу, балалардың құқықтарын қорғау, ерекше мұқтаждығы бар адамдарды қолдау және т.б. мәселелер қаралады. Отырыс Президенттің Баспасөз қызметінің Фейсбуктегі AkordaPress парақшасында көрсетіледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!