Бүгін кешке қазақстандықтар Айды жақыннан көре алады

10:59, 19 ақпан 2019
411

Биыл 19 ақпан күні Ай Жерге 356 761 шақырымға жақындайды. Астрономдар мұны ең максималды жақындау дейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"19 ақпанда, Алматы уақыты бойынша сағат 21:53-те болады. Дүрбімен қарағанда Айдың кратерлері анық көрінуі тиіс", – дейді В.Фесенков атындағы жұлдыздар мен тұмандықтар физикасы зертханасының меңгерушісі Любовь Шестакова.

Бұл астрономиялық құбылысты Супер Ай деп те атайды. Бұл жаңа, немесе ескі Айдың перигеймен – Жер мен Айдың ең қатты жақындауымен тұспа-тұс келуі.

Егер кешке аспан бұлтты болмаса, Жерге Айдың ерекше жақындағанын бәріміз көре аламыз.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!