Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

09:08, 14 қыркүйек 2018

Республиканың солтүстігінде фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, кей жерде найзағай ойнайды. Жекелеген аумақтарда жел күшейеді. Оңтүстікте оған шаңды дауыл араласады. Шығыста және оңтүстік-шығыста тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облыста күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Павлодар облысының кей жерінде түнде, басым бөлігінде күндіз жел 15-25 м/с артады.

Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қостанай облыстарының, күндіз Атырау облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысында оған шаңды дауыл араласады.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі.

Түнде Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде 1-3 градус үсік жүреді.

Ал Қарағанды облысында 1-6 градус үсік болжанады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!