Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдайды
2019 жылдың 19 наурызында Қазақстан халқына үндеу жолдаған Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елбасы президенттің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда оның өкілеттігі қалған мерзімі аяқталғанға дейін Сенат төрағасына беріледі. Содан кейін жаңа Президент сайлауы болады, деді.
– Қазақстандағы билік сабақтастығы конституциялық тұрғыдан реттелген. Президенттің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда оның өкілеттігі қалған мерзімі аяқталғанға дейін Сенат төрағасына беріледі. Содан кейін жаңа Президент сайлауы болады, – деді Елбасы.
Оның сөзінше, Тоқаев онымен бірге Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап жұмыс істеп келеді.
– Ол Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап менімен бірге жұмыс істеп келеді. Мен оны жақсы білемін. Ол – адал әрі жауапкершілігі жоғары азамат. Еліміздің ішкі және сыртқы саясатын жан-жақты сезінеді. Ол барлық бағдарламаларды әзірлеуге және қабылдауға атсалысты. Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанды басқаруға нағыз лайықты азамат деп сенемін, – деген еді Назарбаев.
20 наурызда Астанада ҚР Парламентінің бірлескен отырысы өтеді. Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдайды. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлейді деп күтілуде. Сонымен қатар, Сенаттың жаңа спикері сайланады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:38, 25 сәуір 2024
Алматыда автобус толығымен жанып кетті
-
15:28, 25 сәуір 2024
Қазақстанда инвесторлар үшін жаңа салық пайда болуы мүмкін
-
15:15, 25 сәуір 2024
Есірткіге мас болған ұшқыш туралы Air Astana анықтама берді
-
14:52, 25 сәуір 2024
Жамбылдық депутат нанның бағасын 500 теңгеге дейін көтеруді ұсынды
-
14:24, 25 сәуір 2024
Бірқатар қазақстандықтар Тоқаевтан орден мен медаль алды