Бүгін еліміздің кей өңірінде күшті жел соғып, жаңбыр жауады

09:45, 20 маусым 2018

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның жекелеген өңірлерінде құбылмалы күн райы сақталады. Тек республиканың батыс және оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейіп, дауыл соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз дауыл болады.

Жамбыл облысының кей жерінде бұршақ жаууы ықтимал.

Күндіз Қарағанды облысының жекелеген жерлерінде бұршақ жауып, түнде және таңертің тұман түседі.

Ақмола, Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерінде күндіз желдің екпіні 15-20 м/с артады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде бұршақ жаууы ықтимал.

Сондай-ақ Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!