Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды болады

10:30, 19 сәуір 2018
393

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады, тұман, екпінді жел, тек батыста шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, күндіз Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, кей жерлерде тұман түседі.

Алматы, Қарағанды облыстарында тұман болады. Оңтүстік Қазақстан облысының таулы жерінде тұман түседі. Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!