Бүгін елімізде құбылмалы ауа райы күтіледі

09:14, 9 тамыз 2018

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 9 тамызда республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы, кей жерде жаңбыр жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, күндіз Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерде тұман болады.

Қызылорда облысының кей жерінде дауыл, шаңды дауыл тұрады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерінде тұман түседі.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Түркістан, Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерінде аптап ыстық болады.

Қызылорда облысында, Түркістан, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!