Бүгін еліміз бойынша бұрқасынды, аязды ауа райы сақталады

11:50, 8 ақпан 2019

Фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республика бойынша тұрақсыз ауа райы күтіледі, батыста, солтүстік-батыста, күндіз солтүстікте жауын-шашын болады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшейюі күтіледі, деп хабарлады BNews.kz.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерінде 25 м/с дейін күшейеді, бұрқасын байқалады. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде жел 15-20 м/с болады, Батыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын болады.

Ақтөбе, Қостанай, күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күтіледі, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болады. Түркістан, Манғыстау облыстарының кей жерлерінде түнде түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында кей жерлерде тұман болады.

Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Павлодар облыстарында, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман байқалады.

Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты аяз сақталады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!