Брюс Уиллистің адвокаты БАҚ-тағы кейбір ақпарға байланысты түсініктеме берді

21:52, 1 шілде 2022

© Сурет: Instagram/brucewillisbw

Америкалық актердың адвокаты Мартин Сингер БАҚ-тағы "Уиллистің продюсері Рэндолл Эмметт ауруы туралы біле тұра, актермен жұмыс істеуін жалғастыра берген" деген сөзге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Менің клиентім диагноз қойылғаннан кейін де жұмысын жалғастыра берді, өйткені ол киноға түскісі келді және оған қабілетті болды, – деп The Mirror Сингердің сөзін келтіреді.

Алдында бірқатар шетелдік БАҚ Эмметт Уиллиспен бірнеше жобаларда бірге жұмыс істегенін, актердың ауруы туралы біле тұра, түсірілімді тоқтатпағанын жазған.

Кейіннен Эмметт "Уиллистің денсаулығының нашарлағаны туралы" қандай да бір ақпарат өзіне мәлім болмағанын айтып, ақталуға мәжбүр болған еді.

Брюс Уиллис 1955 жылы 19 наурызда Германиядағы Идар-Оберштейнде дүниеге келді. Ол "Мықты жаңғақ", "Армагеддон" және "Бесінші элемент" фильмдеріндегі рөлімен кеңінен танымал. Актриса Деми Мурмен отбасын құрып, 1987 жылдан 2000 жылға дейін бірге тұры. 2009 жылы ол ағылшын актрисасы және модель Эмма Хемингке үйленді. 2022 жылдың наурызында ол афазия ауруына (сөйлеу қабілетіндегі бұзылыс) шалдығуына байланысты карьерасын тәмамдайтынын жариялады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!