Броконерлер айғақты жасыру үшін қымбат көлігін өртеп жіберді

15:59, 6 желтоқсан 2019

Ақтөбе облысында браконьерлер ақбөкенді заңсыз аулағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- 2019 жылы 5 желтоқсанда түнгі сағат 3:45 шамасында Ақтөбе облысының Шалқар ауданында рейдтік іс-шаралар кезінде «Охотзоопром» өндірістік-өнеркәсіптік кәсіпорнының Ақтөбе облыстық филиалының инспекторлары күдікті Toyota Land Cruiser 100 автокөлігін байқады. Олардың ізіне түскенде күдіктілер айғақтарды жасыру үшін көлікті өртеп жіберген. Қызылорда облысының екі тұрғыны ұсталды, - деді Сәкен Ділдахмет.

Ұсталғандар ақбөкендерді атқандарын мойындады. Көліктің ішінен ақбөкеннің екі қарақұйрығы, екі 12-калибрлі мылтық, қақпан, ыдыстағы бензин және 12 калибрлі қарудың 50 шақты оғы табылды.

Қазіргі уақытта Шалқар аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы оқиға орнында тексеру жүргізіп жатыр. Бұл факт 2019 жылдың 5 желтоқсанында Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Шалқар ауданының полиция бөлімінің бірыңғай дерек тізіліміне тіркелді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!