Бөрлі халқы Жолдауды қолдайды

10:35, 16 қазан 2018

Бөрлі ауданы әкімдігінің үлкен залында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жариялаған «Қазақстандықтардың әл ауқатын өсіру: табыс пен тұрмыс сапасын арттыруға» негізделген Жолдауын түсіндіру мақсатында актив жиыны өтті.

Жиынның басты міндеті Елбасымыздың жолдауын талқылап,түсіндіретін үгіт-насихат жүргізу топтарының жұмысын қазірден бастап қолға алу және елдің тұрмысын жақсартуға арналған биылғы жолдаудың маңыздылығын айқындау болды. Актив жиынына аудан басшыларынан бастап, ауылдық округ әкімдері, жеке кәсіпкерлер, ұстаздар, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

-Ауданымыз мемлекеттік бағдарламалар мен алға қойған межелерді орындауда белсенділік танытып келе жатырғаны белгілі. Бұл әрине баршамыздың бірлесе атқарып, еңбектеніп жатқанымыздың жемісі. Елбасымыз алдағы уақытта баршамызға тағы да үлкен сенім артып, еліміздің кемелденуіне бастар жол белгілеп берді. Ол жол – кеше ғана баршамызға міндеттерімізді айқындап, ісімізді тиянақтауға мүмкіндік берген Жолдау болды. Барша Қазақстандықтар Елбасымыздың биылғы жолдауы да үлкен қолдауға ие болып жатқандығын елдің ықыласынан білуге болады. Сындарлы саясатты жүргізіп, еліміздің ертеңге қадамын нықтап жатқан Президентіміздің жолдауын басшылыққа алып, сіз бен біз болып күш біріктіріп, жұмыла жұмыс атқаруға шақырамын, — деді аудан басшысы С.Алиев.

Жолдауға негізінде жақсы пікір бірдірушілердің саны көп болды. Сондай-ақ аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының бірінші орынбасары М.Махауова мен жастар ресурстық орталығының басшысы Т.Хадышовалар Жолдаудың маңыздылығы, мүмкіндіктері жөнінде орамды ойларын ортаға салып барша «нұраотандықтар» мен жастардың қолауы ерекше екенін жеткізді.

Жиынға қатысушылар Елбасымыздың жайлы күнге жетелер жағымды жолдауын бірауыздан қолдайтындарын білдірді.

Мейрамбек Сыдықов


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!