Борат үшін билік ұялсын. Қазақ халқының ұялатын жөні жоқ

13:56, 23 қазан 2020

Өкінішке қарай Бораттікі дұрыс сияқты, бірақ оның мазағы бір адамға, сол орнатқан системаға ғана бағытталған-ау деп ойлаймын, деп пайымдайды қазақ сарапшысы Қуаныш Еділхантегі.

Біз, қазақ халқы, ұялатындай еш орнымыз жоқ, ұялса бүкіл әлемге өз елін мазақ еткізіп қойған топастар ұялсын.

Әйтпесе біздің не күнәміз бар - ешкімнің ала жібін аттағанымыз жоқ, ешкімге зиянымыз тиген жоқ, қайта басқаларды бауырымызға тартқаннан басқа. Ал ел басқарып отырғандардың, расында да Борат мазақтайтындай тұстары көп. Аустралиядағы теңіз жағалауындағы алып ескерткішті қараңыз, бәрі соған табынып жатыр. Солай екені өтірік емес қой - бүкіл көше, әуежай, мектеп, ЖОО, тіпті қалаға шейін қаптап кетті емес пе? дейді ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!