Болат Өтемұратов қоры Қызылорда әуежайында жаңа терминал салады

14:46, 18 қараша 2021
511

© Сурет: облыс әкімдігі

Қызылорда облысының әкімдігі Болат Өтемұратов қорымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Келісімнің мақсаты – қазіргі заманғы халықаралық нормативтерге жауап беретін өткізу қабілетін кеңейте отырып, әуежайдың жаңа заманауи жолаушылар терминалын салу. Модернизациядан кейін әуежай сағатына 300 жолаушыға қызмет көрсете алады, бұл қазіргі жолаушылар ағынынан екі есе көп.

Қор жобаны толық қаржыландырмақ, оның басталуы 2022 жылға жоспарланған. Жаңа терминал 3,9 гектар аумақта орналасады. Құрылыс аяқталғаннан кейін терминал Қызылорда облысы әкімдігінің теңгеріміне беріледі.

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, әуежайды кеңейту – бұрыннан бар мәселе.

Жаңа әуежай құрылысының қымбаттығына байланысты біз жаңа терминал құрылысын халықаралық стандарттарға сәйкестендіре отырып, оның қолданыстағы инфрақұрылымын кеңейту және жаңғырту оңтайлы шешім болады деп шештік. Қол қойылған меморандум және Болат Өтемұратов қорының қаржылық қолдауы осы стратегиялық маңызды жобаны жедел әрі уақтылы іске асыруға көмектеседі, – деп атап өтті өңір басшысы.

Бақытжан Отарбаева


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!