Болат Бақауов қатысуы тиіс әкімдіктегі екі жиын өтпей қалды

11:43, 16 қаңтар 2020
420

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың қатысуымен өтуі тиіс екі алқалы жиын болмай қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында айтылады.

"16 қаңтарда Павлодар облысы әкімдігінде жоспарланған мүгедек топқа жататын қала тұрғындарымен кездесуге арналған Туризм және спортты дамыту департаментіндегі, сонымен қатар, Қоғамдық даму, ақпарат және мәдениет басқармасы, тілдерді және мұрағаттарды дамыту басқармасындағы алқалы жиындар болмайтын болды", делінген хабарламада.

Алдында ҚР ҰҚК қызметкерлері Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовты ұстағаны туралы ақпарат пайда болған.

Одан бөлек Бақауовтың үстінен Павлодар облысының жоғары лауазымды тұлғаларының бірі арызданған деген сипатта да қосымша мәлімет жарияланды.

Болат Бақауов 2016 жылдың наурыз айынан бері Павлодар облысының әкімі қызметін атқарып келеді. Бұған дейін ол 2014-2016 жылдары Павлодар қаласының әкімі болған. Сондай-ақ бір кездері ол Павлодар облысының Ақсу қаласы мен Качир ауданын да басқарған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!