Бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетовке екі бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді

15:17, 24 қыркүйек 2019

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов дүниежүзілік деңгейде қазақ ұлтының намысын қорғап, бокстан әлем чемпионы болған Бекзат Нұрдәулетов пен оның жаттықтырушыларын қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде облыс әкімі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын оқыды. Аймақ басшысы Бекзат Нұрдәулетовке алда қатысатын спорттық додаларына сәттілік тілеп, Ақтаудағы екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Боксшының алғашқы жаттықтырушысы 3 миллион теңгенің, ал қазіргі тәлімгері Жақиев 5 миллион теңгегенің сертификатын алды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!