Блок-бекетті айналып өткен қу адам полицейге пара беріп құтылды 

11:59, 28 мамыр 2020

Ақтөбе облысының полиция инспекторы карантиндік тосқауыл бекетін айналып өту фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін пара алды деп күдіктелуде, деп хабарлайды zakon.kz.

Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алу фактісімен Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының патрульдік полиция инспекторына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Аталған тұлға Ақтөбе қаласының кіре берісіндегі карантиндік тосқауыл бекетін айналып өту және көлікті айыппұл тұрағына қоймау фактілері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасамауға байланысты заңсыз әрекеттері үшін пара алды деген күдікке ілінді.

Кінәні толық мойындауға байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Күдіктіге қатысты оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, түпкілікті шешімді сот қабылдайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!