БҚО-да жол апатынан екі адам қаза тапты

10:00, 25 қазан 2021

© Сурет: zakon.kz

2021 жылдың 24 қазан күні сағат 20:00 шамасында Орал-Атырау автожолының 209-шы шақырымында, Ақжайық ауданының Ақсуат кентінен 10 шақырым жерде Лада Vesta және Лада Priora автокөліктерінің қатысуымен жол апаты орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Соқтығысқаннан кейін екі автокөлік өртенген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Лада Веста көлігінің Г есімді жүргізушісі мен оның С есімді 1991 ж. т. жолаушысы Ақжайық ауданының ауруханасына түрлі жарақаттармен жеткізілді. Оқиға орнында полиция және ТЖ қызметкерлері жұмыс істеп, Лада-Приора автокөлігін сөндіргеннен кейін салоннан қаза тапқан Б есімді жүргізуші мен Б есімді жолаушының денелері алынды, деп хабарлады БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от PoliceWestKaz???????? (@policebqo)

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бақытжан Отарбаева


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!