БҚО-да жаңа индустриялық аймақ құрылады

22:10, 22 қазан 2017

Батыс Қазақстан облысында инвесторлардың қатысуымен жаңа индустриялық аймақ құрылады.

Жалпы аумағы 300 гектарды қамтитын кешен құны – 14 миллиард теңге. Жобаға қажетті қаржының басым бөлігі өңірдегі ірі қазба байлығын игеруші компаниялар есебінен бөлінеді. Ал инфрақұрылым тарту жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі. Аймақ «Орал» халықаралық әуежайына таяу маңда салынады. Мұнда негізінен машина жасау кәсіпорындары орналасады. Қазіргі уақытта «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» еуропалық инвесторлармен келіссөздерді бастап кетті. Индустриалды аймаққа инвестиция құюға Италия, Германия, Сингапур, Түркия және Ресей мемлекеттері мүдделілік танытып отыр. 

Ержан Балтаев, «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

– Одан бөлек салық бойынша өзінің жеңілдіктері бар. Корпоративтік салық бойынша босатылады. Және де жер және мүлік салығы бойынша босату мәселелері қарастырылған. Индустриялдық аймақтың ең жақсы жағы – дайын өндірісті бастауға дайын аумақ.  Оған өте үлкен қызығушылық білдіріп жатыр.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!