БҚО-да орманнан жоғалған әйелдің сүйектері табылды

11:48, 25 қазан 2021

© Сурет: pixabay.com

24 тамызда Орал қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне азаматша Д.М.Станьконың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Шамамен 17:00-де ол үйден шығып, оралмады, деп хабарлайды zakon.kz.

Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті хабарлағандай, хабар-ошарсыз кеткен адамды іздеуге қалалық ПБ барлық жеке құрамы жұмылдырылды.

3 қазанда 1967 жылы туған дүкен қызметкері сағат 17:30-да Желаево ауылы маңындағы орманда саңырауқұлақ теру кезінде адамның бас сүйегі мен сүйек қалдықтарын тапты. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеді. Желаево кентінен 10 шақырым жерде болған оқиға орнын тексеру барысында "Орал" өзенінің жанындағы құм өндіру карьерінің маңынан адамның, болжам бойынша әйелдің қаңқаланған сүйектері табылды. Табылған қалдықтардың фрагменттері сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Сараптама қорытындысымен өлім себептері нақтыланады, деді БҚО ПД баспасөз қызметі.

Ведомство аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.

Туыстары оқиға орнынан түсірілген суреттерді көріп, Д.М.Станконың үйден шығып кеткен кезде алып кеткен заттарын таныды.

Бақытжан Отарбаева


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!