БҚО-да мәслихат ғимаратында ер адам өз-өзін өртеді - істің егжей-тегжейі

© Сурет: Pixabay
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ғимаратында "өзін-өзі өртеу" оқиғасына қатысты полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.
2 наурызда сағат 16:40 шамасында облыстық мәслихат ғимаратында 46 жастағы Орал қаласының тұрғыны қалтасынан сіріңке алып, жемпіріне от қойған. Өрт дереу сөндіріліп, азаматты күйік шалған жоқ. Медициналық сараптамаға сәйкес, ол сау болған. (...) Ер адам қабылдау бөліміне тіркеулі №4 емханадан өзін №3 емханаға ауыстыру туралы өтінішпен келген. Бұл шешім емхана деңгейінде болғандықтан, басқарма жетекшісінің міндетін атқарушы Арман Қалибеков №3 емхана директорын өзіне шақырды. Ол кеңсеге келемін дегенше азаматтан өз өтінішін қағаз бетіне түсіру сұралады. Ал ол агрессивті түрде бұған өз наразылығын білдірді, - деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі
Куәгерлердің айтуынша, ол басынан өзін дұрыс ұстай алмай, шу шығарғысы келген, үстінен алкогольдің иісі мүңкіп тұрған.
Бір уақытта ол қалтасынан сіріңкені алып шығып, жемпірін өртейді, бірақ бензин болмаған. Оның жанында тұрған денсаулық басқармасының қызметкері бірден оған ұмтылып, жемпірін шешіп, оны еденге тастап, өртті сөндіруге тырысты. Нәтижесінде ер адамның өзі де, басқа адамдар да зардап шеккен жоқ. Полиция шақырылды, олар ер адамды ұстап, медициналық тексеруге алып кетті, - деді полициядағыдар.
Арман Қалибековтың айтуынша, азаматтың өтінішін орындау үшін ешқандай кедергі болмаған.
Керісінше, оны тыңдап, мәселесін шешу үшін №3 емхана директоры шақырылған болатын, өйткені бекіту процедурасы емхана порталы арқылы техникалық түрде жүзеге асырылады. Ер адамға барлық қажетті түсініктемелер берілді. (...) Қазіргі уақытта уақиға орнында азаматты өзін-өзі өртеуге итермелеген себептерді анықтау үшін полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, - деді олар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:11, 23 сәуір 2021
"ҚазАвтоЖолдың" жаңа төрағасы жалған нөмірлі көлікпен жүрген – БАҚ
-
16:58, 23 сәуір 2021
Әкесіне анықтама жасатпақшы болған шендіге 2,5 млн теңге айыппұл салынды
-
16:51, 23 сәуір 2021
Парақор Өсербаевқа 72 млн теңге айыппұл салынды
-
15:58, 23 сәуір 2021
Статистика. Қазақстанда жемқорлар көбейіп барады
-
15:42, 23 сәуір 2021
Ковидқа қарсы екпе алғандар арасында кісі өлімі фактісі тіркелген бе?
Пікір