БҚО-да мектеп жанында 10 жастағы қызды көлік қағып кетті

09:47, 28 қазан 2021

© Сурет: ҚР ІІМ

27 қазан күні таңертең Mercedes жүргізушісі БҚО-да кәмелетке толмаған қызды қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сағат 08:30 шамасында Зачаганск кентіндегі 33 жастағы Mercedes жүргізушісі мектептің жанында 10 жасар қызды қағып кетті. Кәмелетке толмаған бала көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер тексергеннен кейін ол үйіне жіберілді, – делінген ҚР ІІМ сайтындағы хабарламада.

Автокөлік айып тұрағына қамалды. Анықталғандай, қыз бала мектепке жалғыз бара жатқан, рұқсат етілмейтін жерден жолдан өтпек болғанда көлік астына түскен.

Бақытжан Отарбаева


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!