БҚО-да коронавирус балабақша мен оқу орталығынан анықталды

12:59, 25 мамыр 2020

БҚО бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев аймақтағы коронавирусқа қатысты жағдай туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыста КВИ бойынша барлығы 414 жағдай тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар 15 жағдайда кездеседі.

23 мамырда облыста 16 дерек жаңадан тіркелді, өсім - 4,3%, 24 мамырда 28 дерек тіркеліп, өсім 7,3% құраған.

65% жағдайда бұл сырттан әкелінген инфекция: Ресейден және Атырау облысынан, ондағы 162 жағдай да шетелден келген науқаспен тығыз байланыстағылар.

Жаңа жағдайлардың ішінде коронавирус екі балабақша жұмысшысынан, білім бөлімінің екі қызметкерінен анықталды. Оқу орталығының қызметкерінен де коронавирус анықталды. Осыған байланысты Оралда балабақшалардағы кезекші топтардың барлығы жұмысын кілт тоқтатты. БҚО мектепке дейінгі мекемелерінде кезекші топтар 18 мамырдан бастап жұмыс істейді. Оралдан басқа облыстың басқа аймақтарында кезекші топтар жұмысын жалғастырады. Сондай-ақ, облыста 64 фельдшер, 5 полиция қызметкері, бір бақылау-өткізу бекеті, Сырым автокөлік өткелінде жұмыс істейтін Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері коронавируспен ауырды. Бұрын хабарланғандай, БҚО-да карантин 15 маусымға дейін ұзартылды.

Бұрын хабарланғандай, БҚО-да карантин 15 маусымға дейін ұзартылды. 25 мамырда басталуы керек карантиндік шараларды жеңілдетудің екінші кезеңі эпидемия жақсарғанша кейінге қалдырылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!