БҚО-да Қазпошта тұтынушыларының есепшоттарынан ақша жоғалған

11:56, 4 наурыз 2021
584

© Сурет: zakon.kz

Батыс Қазақстан облысының полициясы "Қазпошта" тұтынушылары ақшасының жоғалуына қатысты істі тергеп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қазпошта" АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалындағы клиенттердің шоттарында заңсыз әрекеттер орын алғандығы туралы фактіні растайды, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бұл факт ішкі аудит барысында анықталды. Кінәлі жұмысшыларға қатысты материалдар тиісті процессуалдық шараларды қабылдау үшін құқық қорғау органдарына берілді.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ішкі қызметтік тергеу жүргізілуде.

Клиенттердің шоттарындағы ақша жетіспеушілігі фактілері расталған жағдайда, бұл қаражатты "Қазпошта" АҚ толығымен өтейді.

2 наурызда Батыс Қазақстан облысындағы Қазпошта клиенттері есепшоттарынан ақша жоғалғаны белгілі болды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!