БҚО-да ірі жол апаты болып, бір адам ажал құшты
Батыс Қазақстан облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, жүргізушінің бірі қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға "Самара-Шымкент"жолының 269-шақырымында 12 қаңтар күні орын алды.
"ВАЗ-2110" автокөлігінің 1994 жылғы жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, "Рено Логан" автокөлігіне соғылған. Салдарынан жүргізушінің бір оқиға орнында көз жұмды.
БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, оқиға Теректі ауданы Подстепный ауылынан Барбастауға қарай барар жолда болды. Жедел жәрдем сағат 10.21-де шақырылып, екі бригада бес минуттан кейін жеткен.
1994 жылғы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмса, 1995 жылғы қыз бен 1971 жылғы ер адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. 1963 жылғы ер адам мен 1971 жылғы әйел өздігімен медициналық қызметке жүгінген. Қазір қыз бала жансақтау бөлімінде, қалғандары амбулаториялық емделуге жіберілді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын 12 қаңтар күні боранға байланысты облыста жолдардың жабылғанын, ал Атырау-Орал жолында жол апатынан 32 жасар жүргізушінің қайтыс болып, 5 адамның жарақат алғанын жазған болатынбыз.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:55, 20 сәуір 2024
Ақтөбе тұрғыны қызды зорлап, артынша оны жетінші қабаттан лақтырып жіберген
-
12:40, 20 сәуір 2024
Дзюдодан АЧ-2024: Қазақстанның төрт татами шебері қола медалға таласады
-
12:00, 20 сәуір 2024
Алматы облысында жұмыс істеп тұрған ірі есірткі зертханасы табылды
-
11:40, 20 сәуір 2024
Жаңа норма: Вейптерді елімізге тасымалдаушылар мен сатушыларға қандай жаза қолданылады
-
11:19, 20 сәуір 2024
Қырғыз елінде халықаралық іздеудегі Қазақстан азаматы ұсталды