БҚО-да әйел адам туған сәбиін өлтіргені үшін айыпталды

14:14, 26 сәуір 2018
350

Әйел адамға Деркул ауданындағы бейітке жақын көпір астынан табылған сәбиді өлтірді деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Baq.kz БҚО ІІД баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.

2018 жылдың 5 наурызында жаялыққа оралған сәбидің өлі денесі табылды. Орал ІІБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, ертесінде күдікті әйел ұсталды. Оның өлі сәбидің анасы екені молекулярлық-генетикалық экспертиза нәтижесінде дәлелденді.

«2018 жылы 19 сәуірде экспертиза нәтижесіне сәйкес, әйелдің өлген сәбидің анасы екені 99,9 процент дәлелденді. Әзірге ҚР ҚК 100-бабына сәйкес, «Анасының жаңа туған сәбиін өлтіруі» ісінде күдікті елден шықпау туралы қолхат жазды», - деді ІІД.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!